Жаңақоныс селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 қазандағы № 4 "Жаңақоныс селолық округінің көшелерін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 4131 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақоныс селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 қазандағы № 4 «Жаңақоныс селолық округінің көшелерін атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-160 тіркелген, 2011 жылдың 30 қарашасында аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі

Е. Данабек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады