Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінің әкімінің 26.05.2017 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінің әкімінің 05.12.2014 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 заңы 14 бабының 4 тармақшасына және халықтың пікірін ескере отырып, Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жаңақоныс ауылдық округінің Аққайтым және Қопасор ауылдары көшелеріне келесі атауларды беру:
1) Шалқар көшесі – Солтүстік батыстағы 1-ші көшеге
2) Достық көшесі – Батыстағы 2-ші көшеге
3) Бейбітшілік көшесі – Батыстағы 3 – ші көшеге
4) Мұздайқұдық көшесі – Солтүстік шығыстағы 1-ші көшеге
5) Интернационалистер көшесі – Шығыстағы 2-ші көшеге
6) Жаңақоныс көшесі – Шығыстағы 3-ші көшеге
7) Ардагерлер көшесі – Оңтүстік шығыстағы 4-ші көшеге
8) Қопасор көшесі – Шығыстағы бірінші көшеге
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі Е. Данабекке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақоныс ауылдық округінің | |
әкімі: | Е. Данабек |