Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.05.2018 № 1515/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 789/3 "Тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-8-110 тіркелген, 2013 жылғы 25 мамырдағы № 21 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген шешiмнің қосымшасы осы шешiмнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ж. Мамерханова |
Мәслихат хатшысы | Ә. Сатова |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Шахтинск қаласының | |
кәсіпкерлік және өнеркәсіп | |
бөлімі" мемлекеттiк | |
мекемесінің басшысы | Л. Буравко |
2014 жылғы 09 шілде
Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 09 шілдедегi XXVIII сессиясының № 1045/28 шешiмiне қосымша Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 6 сәуiрдегi III сессиясының № 789/3 шешiмiне қосымша |
Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсiпкерлерге арналған тiркелген жиынтық салықтың бiрыңғай ставкаларының мөлшерi
№ | Салық салу объектiсiнiң атауы | Бiр объектiге тiркелген салықтың ставкасы, бiр айлық есептеу көрсеткiшiнде бiр айға |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыс ойын автоматы | 2 |
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыс ойын автоматы | 3 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын жеке компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 17 |
5. | Карт | 6 |
6. | Бильярд үстелi | 7 |