Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі ІІІ сессиясының № 789/3 "Тiркелген жиынтық салықтың бiрыңғай ставкаларын белгiлеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған XXVIII сессиясының 2014 жылғы 9 шілдедегі N 1045/28 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде № 2705 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 1515/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.05.2018 № 1515/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қалалық мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 789/3 "Тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-8-110 тіркелген, 2013 жылғы 25 мамырдағы № 21 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетiлген шешiмнің қосымшасы осы шешiмнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Ж. Мамерханова

Мәслихат хатшысы

Ә. Сатова

КЕЛІСІЛДІ


"Шахтинск қаласының


кәсіпкерлік және өнеркәсіп


бөлімі" мемлекеттiк


мекемесінің басшысы

Л. Буравко


      2014 жылғы 09 шілде

  Қалалық мәслихаттың
2014 жылғы 09 шілдедегi
XXVIII сессиясының
№ 1045/28 шешiмiне
қосымша
Қалалық мәслихаттың
2012 жылғы 6 сәуiрдегi
III сессиясының
№ 789/3 шешiмiне
қосымша

Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсiпкерлерге арналған тiркелген жиынтық салықтың бiрыңғай ставкаларының мөлшерi

Салық салу объектiсiнiң атауы

Бiр объектiге тiркелген салықтың ставкасы, бiр айлық есептеу көрсеткiшiнде бiр айға

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыс ойын автоматы

2

2.

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыс ойын автоматы

3

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын жеке компьютер

2

4.

Ойын жолы

17

5.

Карт

6

6.

Бильярд үстелi

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады