Тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған III сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі N 789/3 шешімі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 мамырда N 8-8-110 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 1515/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.05.2018 № 1515/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Шахтинск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "2011 жылға арналған тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-8-91 тіркелген, 2011 жылғы 18 ақпандағы N 7 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) N 636/28 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессияның төрағасы

А. Степанович

Қалалық мәслихаттың


хатшысы

Ә. Сатова


  Қалалық мәслихаттың
2012 жылғы 6 сәуірдегі
III сессиясының
N 789/3 шешіміне
қосымша

Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсiпкерлерге арналған тiркелген жиынтық салықтың бiрыңғай ставкаларының мөлшерi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.07.2017 N 1414/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Салық салу объектісінің атауы

Бiр объектiге тiркелген салықтың ставкасы, бiр айлық есептеу көрсеткiшiнде бiр айға

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

17

5.

Карт

6

6.

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады