Абай аудандық мәслихатының 26 сессиясының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 26/259 "Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 қыркүйектегі 33 сессиясының № 33/348 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қазанда № 2798 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты өз әрекетін тоқтатты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агрөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы 26 сессиясының № 26/259 "Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2517 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы № 4 (4007) "Абай – Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

       тақырыбындағы, кіріспедегі және 1, 2 тармақтарындағы "ветеринария" сөзі "агроөнеркәсіптік кешен" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Н.Г. Белан).

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрайымы


Абай аудандық

Н. Филипенко

мәслихатының хатшысы

Б. Цай


      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Абай ауданының экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      Ж. Жиенбаева

О внесении изменений в решение 26 сессии Абайского районного маслихата от 23 декабря 2013 № 26/259 "О предоставлении в 2014 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района"

Решение 33 сессии Абайского районного маслихата Карагандинской области от 11 сентября 2014 года № 33/348. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 9 октября 2014 года № 2798. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", Абайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение 26 сессии Абайского районного маслихата от 23 декабря 2013 года № 26/259 "О предоставлении в 2014 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2517, опубликовано в районной газете "Абай-Ақиқат" от 25 января 2014 года № 4 (4007)) следующие изменения:

      в заголовке, преамбуле и в пунктах 1, 2 слово "ветеринарии" заменить словами "агропромышленного комплекса".

      2. Контроль за исполнением решения возложить на постоянную комиссию по экономике, жилищно-коммунальному хозяйству и аграрным вопросам (Белан Н.Г.).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

Н. Филипенко

Секретарь Абайского


районного маслихата

Б. Цай

СОГЛАСОВАНО:


Исполняющая обязанности


руководителя государственного


учреждения "Отдел экономики


и финансов Абайского района"

Ж. Жиенбаева