Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агрөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы 26 сессиясының № 26/259 "Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2517 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы № 4 (4007) "Абай – Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы, кіріспедегі және 1, 2 тармақтарындағы "ветеринария" сөзі "агроөнеркәсіптік кешен" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Н.Г. Белан).
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | |
Абай аудандық | Н. Филипенко |
мәслихатының хатшысы | Б. Цай |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Абай ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
Ж. Жиенбаева