Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы 26 сессиясының № 26/259 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қаңтарда № 2517 болып тіркелді. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады - (Абай аудандық мәслихатының хатшысының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 3-19-240 хаты)

      Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады - (Абай аудандық мәслихатының хатшысының 18.12.2015 № 3-19-240 хаты).

      Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 11.09.2014 N 33/348 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес (бұдан әрі - Қаулы), Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
     Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 11.09.2014 N 33/348 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы өтініш беру кезінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада берілсін.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 11.09.2014 N 33/348 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - өтініш берген сәтіне, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, маманмен мәлімделген сомада бюджеттік кредит түрінде берілсін.
     Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 11.09.2014 N 33/348 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді іске асыру жөніндегі шараларды Қаулыға сәйкес қабылдасын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Н.Г. Белан).
      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 


      Сессия төрағасы                 Б. Жұмабеков
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы            Б. Цай

      КЕЛІСІЛДІ
      "Абай ауданының
      экономика және қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы             Б. Муталяпова

      23.12.13 г


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады