Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 23.02.2017 № 87 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 27.03.2015 N 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабына және 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қазалы ауданының жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде елді мекендерінің жерлеріне үй іргесіндегі жер учаскелерін, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 27.03.2015 N 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.