Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қазандағы № 251 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 қазанда № 4785 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 87 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 23.02.2017 № 87 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 27.03.2015 N 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабына және 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Қазалы ауданының жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде елді мекендерінің жерлеріне үй іргесіндегі жер учаскелерін, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 27.03.2015 N 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХХХVІ сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы Т. Бөріқұлақов
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Салық комитеті
      Қызылорда облысы бойынша
      Салық департаментінің
      Қазалы ауданы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Ф.Қожабергенов
      "20" қазан 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады