"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
"Базалық салық ставкаларын жоғарылату туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қазандағы № 251 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4785 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2014 жылғы 8 қарашадағы № 99-100-101 сандарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы".
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазалы ауданының жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде елді мекендерінің жерлеріне үй іргесіндегі жер учаскелерін, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
2.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың |
|
ХХХХІ сессиясының төрағасы, |
|
аудандық мәслихат хатшысының |
|
міндетін атқарушы |
Ө.Түктібай |
КЕЛІСІЛДІ |
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы |
|
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер |
|
комитеті Қызылорда облысы бойынша |
|
Мемлекеттік кірістер департаментінің |
|
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік |
|
кірістер басқармасы" республикалық |
|
мемлекеттік мекемесінің басшысы |
|
Ф.Қожабергенов ______________ |
|
"27" наурыз 2015 жыл |