"Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/193 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 18/280 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 кыркүйекте № 2492 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/434 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 29/434 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексіне«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына және Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 02-11-1374 хатына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/193 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2348 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2014 жылғы 1 ақпанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы келесі редакцияда оқылсын:
      «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы».
      «4. Аумақтарды күтіп ұстау мен тазартудың жалпы тәртібі» тарауындағы:
      14-тармақ мына мағынадағы азат жолдарымен толықтырылсын:
      «Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату елді мекеннің қатты тұрмыстық қалдықтар зауытында, полигонында жүргізіледі.
      Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жайғастыру және ұстау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Төрағалық етуші, облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылығы министрлiгiнiң ветеринариялық
      бақылау және қадағалау комитетi
      Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Қ. Мырзатов
      30 шілде 2014 жыл
 
 

      «Қазақстан Республикасы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау Агенттігі
      Маңғыстау облысының тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М. Қадыр
      30 шілде 2014 жыл
 
 

      «Маңғыстау облысының жер қатынастары
      басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Е. Дүзмағамбетов
      30 шілде 2014 жыл
 
 

      «Маңғыстау облысының құрылыс
      басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
      О. Аяпов
      30 шілде 2014 жыл
 
 

      «Маңғыстау облысының сәулет және
      қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін атқарушы
      З. Байғожаева
      30 шілде 2014 жыл
 
 

      «Маңғыстау облысының табиғи
      ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Дулат
      30 шілде 2014 жыл
 
 

      «Маңғыстау облысының
      iшкi iстер департаментi»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қ. Дәлбеков
      30 шілде 2014 жыл
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады