Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 20.12.2020 № 170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 285 "Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3869 тіркелген, 2012 жылғы 15 қарашадағы "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі 1 тармағында "Силантьев селосы" деген сөздер "Силантьевка ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ахметов |