"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) әкімдіктің "Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 285 қаулысының (2012 жылғы 15 қарашада "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3869 болып тіркелген);
2) әкімдіктің "Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 285 "Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы № 146 қаулысының (2014 жылғы 27 тамызда "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4965 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Жаманов |