Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 285 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қарашада № 3869 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 170 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 20.12.2020 № 170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, 75 үй мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңның бір шаршы метріне 64,63 теңге мөлшерінде төлемақы мөлшері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 30.06.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады