Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 285 "Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 146 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 шілдеде № 4965 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 170 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 20.12.2020 № 170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 285 "Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3869 тіркелген, 2012 жылғы 15 қарашадағы "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі 1 тармағында "Силантьев селосы" деген сөздер "Силантьевка ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады