Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Денисов ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн:
1) жазғы дәнді (бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық) 2014 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейiн;
2) дәнді бұршақты (аңқа, асбұршақ) 2014 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін;
3) майлы дақылдарды (рапс, күнбағыс, зығыр, арыш, мақсары, қыша) 2014 жылғы 15 мамырдан 30 мамырға дейiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкiмiнiң орынбасары Т. Б. Рамазановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Е. Жаманов