Денисов ауданы бойынша 2014 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 123 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4792 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Денисов ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн:
      1) жазғы дәнді (бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық) 2014 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейiн;
      2) дәнді бұршақты (аңқа, асбұршақ) 2014 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін;
      3) майлы дақылдарды (рапс, күнбағыс, зығыр, арыш, мақсары, қыша) 2014 жылғы 15 мамырдан 30 мамырға дейiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкiмiнiң орынбасары Т. Б. Рамазановқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Е. Жаманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады