Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.02.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 3 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4469 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармағының 3)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедек туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың болуы туралы құжаттың көшірмесін;
мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы М. Суербасов
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев