Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.02.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2. Мыналар:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) ұсынылады;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедек туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың болуы туралы құжаттың көшірмесін;
мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) ай сайын көрсетіледі деп белгіленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 17.11.2014 № 65 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Аудандық мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрайымы Н. Таран
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ С.Ф. Рахметова
"Денисов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Д.Т. Мұсылманқұлова