Мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 3 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 65 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 5211 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.02.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 3 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4469 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармағының 3)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
      өтінішті;
      алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
      мүгедек туралы анықтаманың көшірмесін;
      банктегі шоттың болуы туралы құжаттың көшірмесін;
      мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   М. Суербасов

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады