Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 наурызда № 5388 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 27.04.2016 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
      2. Айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) ұсынылады;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
      өтініш;
      алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
      мүгедектігі туралы анықтаманы;
      банктегі шоттын болуы туралы құжатты;
      мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;
      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) ай сайын көрсетіледі деп белгіленсін.
      3. Күші жойылды деп танылсын:
      1) мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 3 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4469 тіркелген, 2014 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      2) мәслихаттың 2014 жылғы 17 қарашадағы № 65 "Мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 3 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5211 тіркелген, 2014 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      кезекті он үшінші
      сессиясының төрайымы Г. Микулич
      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады