Әкімдіктің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 наурызда № 4512 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай Қарабалық ауданы әкімдігінің 22.01.2016 № 11 қаулысымен (алғаш қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238 – баптарына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының тақырыбы мен бұдан әрі мәтін бойынша:
      "мәдениет және спорт" деген сөздер "мәдениет, спорт және ветеринария" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қаулының қосымшасындағы, аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі:
      келесі мазмұндағы 5 – тармағымен толықтырылсын:
      "5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринариялық дәрігер;
      2) ветеринариялық фельдшер.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            А. Исмағұлов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарабалық аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _______ Е. Аманжолов

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата от 26 сентября 2013 года № 311 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств районного бюджета"

Постановление акимата Карабалыкского района Костанайской области от 25 февраля 2014 года № 65. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 19 марта 2014 года № 4512. Утратило силу постановлением акимата Карабалыкского района Костанайской области от 22 января 2016 года № 11

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карабалыкского района Костанайской области от 22.01.2016 № 11 (вводится в действие со дня его подписания).

      В соответствии со статьями 18238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Карабалыкского района от 26 сентября 2013 года № 311 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств районного бюджета" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4256, опубликовано 31 октября 2013 года в газете "Айна") следующие изменение и дополнение:
      в заголовке и далее по тексту указанного постановления:
      слова "культуры и спорта" заменить словами "культуры, спорта и ветеринарии";
      в приложении к постановлению в перечне должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств районного бюджета:
      дополнить пунктом 5 следующего содержания:
      "5. Должности специалистов ветеринарии:
      1) ветеринарный врач;
      2) ветеринарный фельдшер.".
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      Карабалыкского района                      А. Исмагулов

      СОГЛАСОВАНО:

      Секретарь Карабалыкского
      районного маслихата
      ____________ Е.Аманжолов