Қарабалық ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған болып тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 11 қаулысы

       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылған болып танылсын.
      2. Осы қаулы алғаш қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ғабдулин

  Әкімдіктің 2016 жылғы
22 қаңтардағы № 11 қаулысына
қосымша                  

Қарабалық ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелді, 2013 жылғы 31 қазанында "Айна" газетінде жарияланды).
      2. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 430 "Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4372 болып тіркелді, 2014 жылғы 16 қаңтардағы "Айна" газетінде жарияланды).
      3. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 65 "Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4512 болып тіркелді).
      4. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 02 құркүйектегі № 245 "Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5910 болып тіркелді, 2015 жылғы 15 қазандағы "Айна" газетінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады