Ескерту. Күші жойылды - Қостанай Қарабалық ауданы әкімдігінің 22.01.2016 № 11 қаулысымен (алғаш қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 – баптарына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мен бұдан әрі мәтін бойынша:
"мәдениет және спорт" деген сөздер "мәдениет, спорт және ветеринария" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының қосымшасындағы, аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі:
келесі мазмұндағы 5 – тармағымен толықтырылсын:
"5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық
ауданының әкімі А. Исмағұлов
КЕЛІСІЛДІ:
Қарабалық аудандық
мәслихатының хатшысы
_______ Е. Аманжолов