Ескерту. Күші жойылды - Қостанай Қарабалық ауданы әкімдігінің 22.01.2016 № 11 қаулысымен (алғаш қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы мен бұдан әрі мәтін бойынша "мәдениет және спорт" деген сөздер "мәдениет, спорт және ветеринария" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 25.02.2014 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238–баптарына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 67 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, лауазымдық төлемақы және тарифтік ставканы жиырма бес пайызға арттырылған құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 тіркелген, 2013 жылғы 4 сәуірде "Айна" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Исмағұлов
КЕЛІСІЛДІ
Қарабалық аудандық
мәслихаты хатшысының м.а.
______________ Г. Ягодин
Әкімдіктің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 311 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 28.11.2013 № 430; 25.02.2014 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.09.2015 № 245 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі;
2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) әлеуметтiк жұмыс жөніндегі маман;
4) психолог;
5) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесші;
6) жұмыспен қамту орталығының басшысы;
7) жұмыспен қамту орталығының маманы.
2. Білім беру мамандарының лауазымы:
1) бiлiм беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалiмдерi;
2) мектеп, мектеп-интернат директоры;
3) жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм, қосымша бiлiм берудiң басқа да ұйымдарындағы директордың ғылыми, оқу iсi, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары;
4) әлеуметтік педагог;
5) педагог-ұйымдастырушы;
6) қосымша бiлiм беру педагогы;
7) педагог-психолог;
8) әдiскер;
9) музыкалық жетекшi;
10) аға вожатый;
11) дене шынықтыру жөнiндегi нұсқаушы;
12) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес меңгерушiсi;
13) лагерьдiң (сауықтыру) бастығы;
14) зертхана, кабинет меңгерушiсi;
15) өндiрiстiк оқыту шеберi;
16) медбике;
17) емдәмбике;
18) кітапханашы;
19) кiтапхана меңгерушiсi;
20) бастауыш әскері дайындық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушы;
21) аға тәрбиешi, тәрбиешi;
22) логопед.
3. Мәдениет мамандарының лауазымы:
1) мемлекеттік мекеме басшысы;
2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
3) кітапханашы, библиограф;
4) барлық атаулы суретшi;
5) дыбыс жазу операторы;
6) әдіскер;
7) хореограф;
8) көркемдiк жетекшi.
4. Спорт мамандарының лауазымы:
1) директор;
2) оқу бөлімі бойынша директордың орынбасары;
3) медициналық бикеші;
4) нұсқаушы, нұсқаушы – әдіскер;
5) әдіскер;
6) жаттықтырушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.