Ұзынкөл ауданында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 143 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 шілдеде № 4950 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 3 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына20 бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бекітілсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары;
      2) қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбегіне төленетін ақы аудандық бюджет қаражатынан ең төменгi айлық жалақының 1,5 мөлшерiнде.
      2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      3. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi:
      1) аудандық бюджет қаражатынан қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын өтеу, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын, табыс салығын төлеу үшін жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына ақшалай қаражатты аударсын;
      2) аудандық бюджеттен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген мөлшерде мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік салық және әлеуметтiк аударымдарды төлеуге арналған шығындар, жалақыны аудару мен төлеу бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар шартпен белгiленген мөлшерде өтесiн.
      4. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 65 "Ұзынкөл ауданында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4077 тіркелген, 2013 жылғы 4 сәуірде "Нұрлы жол" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Қабылдинға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            Т. Ташмағамбетов

      КЕЛIСIЛДI:

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау
      басқармасының "Ұзынкөл
      аудандық орталық ауруханасы"
      коммуналдық мемлекеттік
      кәсіпорны бас дәрігерінің
      міндетін атқарушы
      ______________ М. Ағайдарова

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 
2014 жылғы 26 маусымдағы № 243
қаулысына қосымша      

Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық
жұмыстардың түрлері, көлемі және
нақты жағдайлары

Ұйымның атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыс көлемі

Нақты жағдайлары

1.

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Ұзынкөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының аумақтарын жинау және абаттандыру бойынша күнделікті жұмыстарға көмек.

175112 сағат

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке ала отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.

Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе

Постановление акимата Узункольского района Костанайской области от 26 июня 2014 года № 143. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 21 июля 2014 года № 4950. Утратило силу постановлением акимата Узункольского района Костанайской области от 5 января 2016 года № 3

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Узункольского района Костанайской области от 05.01.2016 № 3 (вводится в действие со дня подписания).

      В соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5) статьи 7, статьей 20 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат Узункольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить:
      1) прилагаемый перечень организаций, виды, объемы и конкретные условия общественных работ, согласно приложению к настоящему постановлению;
      2) оплату труда граждан, занятых на общественных работах в размере 1,5 минимальной месячной заработной платы из средств районного бюджета.
      2. Организацию общественных работ производить на условиях, указанных в договоре на выполнение общественных работ заключенном в соответствии с действующим законодательством между государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Узункольского района" и организацией, определенной в перечне.
      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Узункольского района":
      1) перечислять из средств районного бюджета денежные средства на расчетные счета работодателей, для возмещения оплаты труда участников общественных работ, в том числе обязательные пенсионные взносы, подоходный налог, установленные действующим законодательством Республики Казахстан;
      2) возмещать работодателям расходы на уплату социального налога и социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования, в размере установленном действующим законодательством Республики Казахстан, расходы на уплату комиссионного вознаграждения за услуги банков второго уровня по зачислению и выплате заработной платы, в размерах установленных договором, из районного бюджета.
      4. Признать утратившим силу постановление акимата Узункольского района от 11 марта 2013 № 65 "Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4077, опубликовано 4 апреля 2013 года в районной газете "Нұрлы жол").
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Кабылдина Н.К.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      Узункольского района                       Т. Ташмагамбетов

      СОГЛАСОВАНО:

      Исполняющий обязанности
      главного врача коммунального
      государственного предприятия
      "Узункольская центральная
      районная больница" Управления
      здравоохранения акимата
      Костанайской области
      ______________ М. Агайдарова

Приложение       
к постановлению акимата 
от 26 июня 2014 года № 143

Перечень организаций, виды,
объемы и конкретные условия
общественных работ

Наименование организации

Виды работ

Объем работ

Конкретные условия

1.

Коммунальное государственное предприятие "Узункольская центральная районная больница" Управления здравоохранения акимата Костанайской области

Ежедневная помощь в работе по уборке и благоустройству территории сельских округов и сел Узункольского района, не требующая предварительной профессиональной подготовки работника.

175112 часов

Продолжительность рабочего времени одного участника общественных работ – не более 40 часов в неделю, учитывая ограничения, предусмотренные трудовым законодательством Республики Казахстан, с двумя выходными днями, обеденным перерывом не менее одного часа.