Ұзынкөл ауданында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 65 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 2 сәуірде № 4077 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 26.06.2014 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бекітілсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары;
      2) аудандық бюджет қаражатынан ең төмен жалақының бір жарым мөлшерiнде қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбек ақысы;
      2. Жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыстар пайдаланылсын.
      3. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      4. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi:
      1) қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен үлгілік шарттарды жасасын;
      2) қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайларын есепке алсын;
      3) ауданның бюджет қаражатынан қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын өтеу, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын, табыс салығын төлеу үшін жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына ақшалай қаражатты аударсын;
      4) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген мөлшерде мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеуге арналған шығындар, жалақыны аудару мен төлеу бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақы төлеуге арналған  шығындар шартпен белгiленген мөлшерде аудандық бюджеттен өтесiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары С.Ж. Бейсимбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Ұзынкөл ауданының әкімі                    Т. Ташмағамбетов

      КЕЛIСIЛДI

      Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
      сақтау басқармасының "Ұзынкөл аудандық
      орталық ауруханасы" коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері
      _________________ Қ. Ержанов
 

Әкімдіктің        
2013 жылғы 11 наурыздағы 
№ 65 қаулысына қосымша  

Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары

Ұйым атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыс көлемі

Нақты жағдайлары

1.

Қостанай
облысы
әкімдігі
денсаулық
сақтау
басқармасының
"Ұзынкөл
аудандық
орталық
ауруханасы"
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорны

Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан өтуін
талап етпейтін
күнделікті
жұмыстарға көмек:
аумақты жинау
және
абаттандыруға
көмек; жөндеу
жұмыстарын өткізу
кезіндегі көмек;
Қостанай облысы
әкімдігі
денсаулық сақтау
басқармасының
"Ұзынкөл аудандық
орталық
ауруханасы"
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорны,
Бауман, Ершов,
Киев, Киров,
Куйбышев,
Новопокров,
Петропавл, Чапай,
Федоров,
Пресногорьков,
Россия, Суворов,
Карлмаркс,
Ұзынкөл селолық
округтерінің,
Троебрат,
Ұзынкөл, Ряжск
селоларының
аумағындағы
тұрған
объектілерін
жөндеуге және
абаттандыруға
қатысу.

151200
сағат

Қазақстан
Республикасының еңбек
заңнамасымен
қарастырылған
шектеулерді есепке
алып, қоғамдық
жұмыстарға бір
қатысушының жұмыс
уақытының ұзақтығы
аптасына 40 сағаттан
аспайтын, екі демалыс
күндерімен, бір
сағаттан кем емес түскі
үзіліс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады