Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.07.2018 № 258/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" N 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы N 28/2 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар облысының білім беру басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдай алады.
8. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi:
Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй.
10. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
орыс тілде – государственное учреждение "Управление образования Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі тапсыру актісіне сәйкес құрылтайшысы болып табылады.
"Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған "Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тараптар дауласатын міндеттемелерін қоса алғанда, тапсыру актісіне сәйкес құқықтар мен міндеттерге қатысты оның құқық иеленушісі болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні,
функциялары, құқықтары мен негiзгi мiндеттерi
16. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
17. Білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және Павлодар облысында білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
18. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты облыс деңгейінде жүзеге асыру "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады.
19. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканық қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуметін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның және өндіріс интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;
14) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау.
20. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары:
1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
3) балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
5) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады және солармен қамтамасыз етеді, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері Ұлттық палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастырады;
9) білім алушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);
11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, сондай-ақ орташа жан басына шақандағы кірісі күнкөріс шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілеріне, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға және төтенше жағдайлар нәтижесінде жедел көмекті қажет ететін отбасыларының балаларына, басқармасының алқа мәжілісінің органы белгілеген оқушылар мен тәрбиеленушілірінің басқа санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттан бір пайыздан кем емес көлемде қаржылық және материалдық көмек көрсетуге қаражат жібереді;
12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейінқағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
13) облыстық деңгейде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектептің ғылыми жобалар олимпиадасы мен конкурстарын, орындаушылар конкурсын және кәсіби шеберлік конкурстарын мектеп олимпиадаларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
15) бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды және кадрларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
16) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 13.01.2015 N 1/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
18) белгіленген тәртіпте жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте оқушылардың бөлек санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде аяқтаған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді;
21) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;
22) мәслихатқа оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі туралы ұсыныс енгізеді;
23) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындауды келісімдейді;
24) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
25) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызмет етуін қамтамасыз етеді;
26) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ұсталатын тұлғаларға жағдайды қамтамасыз етеді;
27) қамқоршылық кеңестерге көмек көрсетеді;
28) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
29) мемлекеттік орта білім мекемелеріне – конкурс жеңімпаздарына "Үздік орта білім беру ұйымы" грантын төлейді;
30) мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
31) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
32) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.33) балаларға әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысады;
34) ақпараттандырудың және консультациялар өткізудің тәртібін, баланың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды анықтайды;
35) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіпте міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
36) ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді шығарады, олардың іске асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді;
37) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мүлкінің сақталуы мен пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
38) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жүргізу үдерісінде тапсырыс беруші мен конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады, бұл мақсатқа бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
39) "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешеді;
40) "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
41) облыс әкімі тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және орындайды;
42) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысты орнатады және дамытады;
43) тиісті дерекқор банктерін құрумен Павлодар облысының бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысады;
44) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетеді;
45) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.46) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттіктеріне аттестаттау жүргізеді;
47) "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда азаматтардың білім мәселелері бойынша ұсыныстарын, өтініштерін, арыз-шағымдарын уақытында қарастыруды қамтамасыз етеді;
48) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
49) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
50) білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидасын әзірлейді және бекітеді;
51) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде оларға қатысты тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдау, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асырады;
52) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 13.01.2015 N 1/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.21. Құқықтары мен міндеттері:
1) облыс әкімі мен әкімдігіне дамудың негізгі бағыттары, білім беру саласындағы проблемаларды жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруға енгізу;
2) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
4) "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымджарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
6) "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының құрылымдары бойынша ұсынымдар әзірлеу;
7) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігі;
8) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген тәртіпте және негіздемелер бойынша қызметкерлермен еңбек шарттарын өзгерту, толықтыру, бұзу;
9) өз өкілеттіктері шегінде еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің актілерін шығару;
10) қызметкерлерден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын, еңбек тәртібінің қағидаларын және жұмыс берушінің басқа да актілерін орындауды талап ету;
11) еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлерге келтірілген зиянның орнын толтыру;
12) еңбек саласында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну;
13) егер ол еңбек шартындағы талаптармен көрсетілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарының орнын толтыру;
14) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек шарттарының, шығарылған актілерінің талаптарын сақтауға;
15) жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген тәртіпте және жағдайда еңбек шарттарын жасауға;
16) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, еңбек шартында, жұмыс берушінің актілерінде қарастырылған еңбекақыны және басқа да төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге;
17) қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен, қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар жұмыс берушінің басқа да актілерімен таныстыруға;
18) қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы, еңбек шартына сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
19) мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымдарын орындауға;
20) егер жұмыс қызметкердің және өзге де тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын болса, онда оны тоқтатуға;
21) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге, қызметкерді зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіби аурулармен ауыру мүмкіндігі туралы ескертуге;
22) қызметкерлерді кәсіби дайындауды, қайта даярлауды және олардың біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етуге;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.
3. "Павлодар облысының білім беру басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру
22. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқаруды "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
25. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысы білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
3) "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдесін білдіреді;
6) "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде басқарма мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;
7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
8) "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын ынталандыру, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
12) басқарма қызметінің негізгі мәселелерін қарастыру үшін білім беру басқармасының алқасын құру, оның сандық және персоналдық құрамы туралы бұйрық шығарады.
"Павлодар облысы білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнын алмастыратын тұлға орындайды.
26. Бірінші басшы өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін, сондай-ақ "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді.
27. "Павлодар облысы білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналды мүлік басқару жөннідегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. "Павлодар облысы білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Павлодар облысы білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім шартқа сәйкес белгіленеді.
4. "Павлодар облысының білім беру басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкi
30. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
"Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншiк, иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
31. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының білім беру басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің "Павлодар облысының
білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
33. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.
"Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Мемлекеттік мекемелер
1) "Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
2) "Саңырау және нашар еститін балаларға арналған N 1 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
3) "Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Песчан N 2 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
4) "Ақсу қаласының N 3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
5) "Павлодар қаласының N 4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
6) "N 5 Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
7) "Екібастұз қаласының N 19 арнайы жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
8) "Санаторий түріндегі Шалдай мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
9) "Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
10) Павлодар қаласының "Дарынды балаларға арналған N 3 гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
11) Павлодар қаласының "Дарынды балаларға арналған N 8 лицей-мектебі" мемлекеттік мекемесі;
12) Павлодар қаласы "Дарынды балаларға арналған Абай атындағы N 10 лицей-мектебі" мемлекеттік мекемесі;
13) Павлодар қаласының "Жас дарын" мамандандырылған мектебі мемлекеттік мекемесі;
14) "Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған "Зерде" мамандандырылған жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
15) "Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені мемлекеттік мекемесі;
16) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат" мемлекеттік мекемесі;
17) "Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернат" мемлекеттік мекемесі;
18) "Екібастұз каласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған N 1 лицей-мектебі" мемлекеттік мекемесі;
19) "Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
20) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
22) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24) "Үміт" балалар үйі мемлекеттік мекемесі;
25) "Қалқаман балалар үйі" мемлекеттік мекемесі;
26) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.27) "Отбасы үлгісіндегі Шарбақты балалар үйі" мемлекеттік мекемесі;
28) "Отбасы үлгісіндегі Успен балалар үйі" мемлекеттік мекемесі;
29) "Лебяжі ауданының отбасы үлгісіндегі балалар үйі" мемлекеттік мекемесі;
30) "Отбасы үлгісіндегі Шақат балалар үйі" мемлекеттік мекемесі;
31) "Балаларға арналған баспана" мемлекеттік мекемесі;
32) "Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана" мемлекеттік мекемесі;
33) "Облыстық кәмелетке толмағандары бейімдеу орталығы" мемлекеттік мекемесі;
34) "Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" мемлекеттік мекемесі;
35) "Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" мемлекеттік мекемесі;
36) "Дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
37) "Облыстық мамандандырылған мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесі.
Ескерту. Бөлімге өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар
1) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ертіс дарыны" аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 13.01.2015 N 1/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Жас дәурен" облыстық оқу-сауықтыру орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар машина жасау колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
11) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар бизнес колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
12) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар химия-механикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
13) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
14) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Жас ұрпақ" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 13.01.2015 N 1/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
18) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз құрылыс-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
19) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар техникалық сервис колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
20) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар теміржол колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
21) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар түсті металлургия колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
22) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар монтаждау колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
23) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "N 1 Павлодар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
24) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Качиры аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
25) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "N 2 Павлодар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
26) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
27) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Қ. Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
28) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ақсу қара металлургия колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
29) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Железин аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
30) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ертіс аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
31) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
32) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Успен аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
33) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
34) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
35) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Лебяжі аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
36) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Май аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
37) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Ескерту. Бөлімге өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 13.01.2015 N 1/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.Коммуналдық мемлекеттік мекемелер
1) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Мичурин балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4) Облыс білім беру басқармасының "Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Качиры балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
8) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ескерту. Бөлімге өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 13.01.2015 N 1/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.02.2016 № 62/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.