Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 258/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 6031 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы "19" шілдедегі
№ 258/5 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 28/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3708 болып тіркелді, 2014 жылғы 27 ақпанда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 28/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 1/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4283 болып тіркелді, 2015 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 28/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 62/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелді, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады