Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.07.2018 № 258/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 28/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3708 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпанда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
32) және 45) тармақшалар алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 16-1), 52) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;";
52) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.";
12), 21) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;";
"21) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейінұсынады;";
"Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
қазақ тілінде "Мемлекеттік мекемелер" деген бөлімде 20), 21), 22), 23) және 26) тармақшалар алынып тасталсын;
орыс тілінде "Мемлекеттік мекемелер" деген бөлімде 21), 22), 23), 24) және 27) тармақшалар алынып тасталсын;
"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар" деген бөлімде 15) тармақша алынып тасталсын;
"Коммуналдық мемлекеттік мекемелер" деген бөлімде 3) тармақша алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыныПавлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |