"Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 334/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 қарашада № 4135 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 261/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 23.08.2016 № 261/6 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "23" қазандағы
№ 334/10 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының дін істері басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй.
      10. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
      дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілде - "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области".
      12. Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құкықтары мен міндеттері

      16. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - өңірде конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы кұқықтарын және діни бірлестіктермен өзараіс-қимылды қамтамасыз ету.
      17. Павлодар облысында конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы кұқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
      18. Павлодар облысының аумағында конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болыптабылады.
      19. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы", "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы", "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңдарын, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      3) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің, аз құрамды діни топтардың және миссионерлердің қызметі саласында елімізде болып жатқан үдерістерді жан-жақты және шынайы зерделеу, қорытындылау және талдау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      20. Функциялары:
      1) өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау, облыстың терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының қызметін ұйымдастыру;
      2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу бойынша ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
      6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      7) діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыруды бекіту;
      8) ғимарат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыруды келісімдеу;
      9) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.11.2015 № 326/11 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10) діни бірлестіктер құратын бастамашы-азаматтардың тізіміне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;
      11) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу;
      12) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ақпараттық қор жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
      13) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
      14) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу;
      15) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді іске асыру;
      16) мыналарға жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне;
      ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне;
      мемлекеттік қызмет көрсетулер кезінде сапаның, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де құзыреттерді жүзеге асыру;
      18) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен,өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.11.2015 № 326/11 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдар мен лауазымды түлғалар, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      2) тиісті мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;
      3) облыс әкіміне "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі сапасында, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
      5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-кимыл жасау;
      6) "Павлодар облысының дін істері баскармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізу;
      7) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделетін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Павлодар облысының дін істері баскармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының дін істері баскармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
      23. "Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу;
      2) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді ынталандыру, іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйлықақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешу;
      4) барлық қызметкерлер орындауға міндетті бұйрықтар шығару, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулар беру;
      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;
      6) "Павлодар облысының дін істері баскармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіру;
      7) "Павлодар облысының дін істері баскармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеу;
      8) перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекіту;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және оған дербес жауап беру;
      10) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім кабылдау.
      "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Казақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Павлодар облысының дін істері басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      29. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесініңт өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5."Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

      31. "Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      32. "Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несиегерлердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.

"Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.11.2015 № 326/11 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление по делам религий Павлодарской области"

Постановление акимата Павлодарской области от 23 октября 2014 года № 334/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 04 ноября 2014 года № 4135. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 23 августа 2016 года № 261/6

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 23.08.2016 № 261/6.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Управление по делам религий Павлодарской области".
      2. Государственному учреждению "Управление по делам религий Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:
      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;
      в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления в территориальном органе юстиции направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет".
      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Орсариева А.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким области К. Бозумбаев

  Утверждено
постановлением акимата
Павлодарской области
от "23" октября 2014 года
№ 334/10

Положение о государственном учреждении
"Управление по делам религий Павлодарской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим государственную политику в сфере обеспечения межконфессионального согласия, прав граждан на свободу религиозных убеждений и взаимодействия с религиозными объединениями на территории Павлодарской области.
      2. Государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" по вопросам своей компетенции, в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принимает решения, оформляемые приказами первого руководителя государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 140000, Павлодарская область, город Павлодар, улица Каирбаева, 32.
      10. Время работы государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области":
      понедельник - пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота, воскресенье.
      11. Полное наименование государственного органа на государственном языке – "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі, на русском языке – государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области".
      12. Учредителем государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" является государство в лице акимата Павлодарской области.
      13. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области".
      14. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" осуществляется из областного бюджета.
      15. Государственному учреждению "Управление по делам религий Павлодарской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области".
      Если государственному учреждению "Управление по делам религий Павлодарской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, цель, предмет, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области"

      16. Миссия государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" – обеспечение межконфессионального согласия, прав граждан на свободу вероисповедания и взаимодействия с религиозными объединениями в регионе.
      17. Целью деятельности государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" является реализация государственной политики в сфере обеспечения межконфессионального согласия, прав граждан на свободу вероисповедания и взаимодействия с религиозными объединениями.
      18. Предметом деятельности государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" является осуществление государственной политики в сфере обеспечения межконфессионального согласия, прав граждан на свободу вероисповедания и взаимодействия с религиозными объединениями на территории Павлодарской области.
      19. Задачи государственного учреждения "Управление по делам религий" Павлодарской области":
      1) обеспечение реализации Конституции Республики Казахстан, Законов Республики Казахстан "О противодействии терроризму", "О противодействии экстремизму", "О религиозной деятельности и религиозных объединениях", иных нормативных правовых актов по вопросам обеспечения прав граждан на свободу религиозных убеждений;
      2) выработка предложений по формированию государственной политики в сфере обеспечения реализации прав граждан на свободу вероисповедания и взаимодействия с религиозными объединениями;
      3) всестороннее и объективное изучение, обобщение и анализ происходящих в стране процессов в сфере реализации прав граждан на свободу вероисповедания и деятельности религиозных объединений, малочисленных религиозных групп и миссионеров;
      4) осуществление иных задач, возложенных на государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      20. Функции:
      1) проведение изучения и анализа религиозной ситуации в регионе, организация деятельности аппарата антитеррористической комиссии области;
      2) внесение в уполномоченный орган предложений по совершенствованию законодательства Республики Казахстан о религиозной деятельности и религиозных объединениях;
      3) реализация государственной политики в области религиозной деятельности;
      4) внесение предложений в правоохранительные органы по запрещению деятельности физических и юридических лиц, нарушающих законодательство Республики Казахстан о религиозной деятельности и религиозных объединениях;
      5) рассмотрение обращений физических и юридических лиц, касающихся нарушений законодательства Республики Казахстан о религиозной деятельности и религиозных объединениях;
      6) проведение разъяснительной работы на местном уровне по вопросам, относящимся к их компетенции;
      7) утверждение расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения;
      8) согласование расположений помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений);
      9) Исключен постановлением акимата Павлодарской области от 26.11.2015 № 326/11 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      10) обеспечение проведения проверок списков граждан-инициаторов создания религиозных объединений;
      11) проведение регистраций лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность;
      12) обеспечение функционирования в государственном учреждении "Управление по делам религий Павлодарской области" системы информационных ресурсов;
      13) организация, ведение и совершенствование системы документационного обеспечения государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области";
      14) развитие государственного языка и ведение делопроизводства на государственном языке в государственном учреждении "Управление по делам религий Павлодарской области";
      15) реализация вопросов, связанных с прохождением государственной службы работниками государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области";
      16) осуществление внутреннего контроля:
      деятельности государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области", с целью повышения качества и эффективности труда;
      финансово-хозяйственной деятельности государственной подведомственной организации;
      соблюдения качества при оказании государственных услуг, а также стандартов и регламентов;
      17) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан;
      18) осуществление прав владения и пользования государственным пакетом акций акционерных обществ и долями участия в товариществах с ограниченной ответственностью, полномочий субъекта права государственных юридических лиц, в случаях, предусмотренных актами акимата и акима области, иными нормативными правовыми актами, в том числе принятие решений в отношении них, аналогично компетенции уполномоченных органов соответствующей отрасли.
      Сноска. Пункт 20 с изменениями, внесенными постановлением акимата Павлодарской области от 26.11.2015 № 326/11 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      21. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информации, необходимые для выполнения своих функций, привлекать работников государственных органов и иных организаций к участию в подготовке вопросов, относящихся к компетенции государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области", создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих предложений;
      2) давать поручения, относящиеся к сфере деятельности государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области", соответствующим государственным органам и должностным лицам, контролировать их исполнение, а также участвовать в мероприятиях, проводимых центральными и местными исполнительными органами;
      3) вносить предложения акиму области по улучшению работы государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" по разработке нормативных правовых актов в области создания и деятельности религиозных объединений, в сфере обеспечения межконфессионального согласия, а также обеспечения прав граждан на свободу религиозных убеждений;
      4) составлять протоколы об административных правонарушениях при выявлении нарушений законодательства Республики Казахстан в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях";
      5) взаимодействовать с правоохранительными и иными государственными органами по вопросам, отнесенным к его компетенции;
      6) проводить совещания, семинары, конференции, круглые столы и иные заседания по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области";
      7) представлять интересы государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" в государственных органах, суде;
      8) осуществлять иные права, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения
"Управление по делам религий Павлодарской области"

      22. Руководство государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" задач и осуществление им своих функций.
      23. Первый руководитель государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Павлодарской области.
      24. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области":
      1) определение полномочий и обязанностей работников;
      2) назначение на должности и освобождение от должностей работников в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      3) поощрение работников, решение вопросов командирования, представления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок и премирования, а также дисциплинарной ответственности работников, наложение на них дисциплинарных взысканий в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      4) издание приказов, дача указаний по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками;
      5) утверждение должностных инструкций работников;
      6) представление государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" во всех государственных органах и иных организациях независимо от форм собственности в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      7) разработка структуры государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области";
      8) утверждение перспективных и текущих планов работы;
      9) противодействие коррупции и несение за это персональной ответственности;
      10) принятие решений по другим вопросам, относящимся к его компетенции.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      25. Взаимоотношения между государственным учреждением "Управление по делам религий Павлодарской области" и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (местным исполнительным органом области) регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.
      26. Взаимоотношения между государственным учреждением "Управление по делам религий Павлодарской области" и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.
      27. Взаимоотношения между администрацией государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" и трудовым коллективом определяются в соответствии с Трудовым Кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.

4. Имущество государственного учреждения
"Управление по делам религий Павлодарской области"

      28. Государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      29. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление по делам религий Павлодарской области", относится к областной коммунальной собственности.
      Имущество государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      30. Государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области", не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и ликвидация (упразднение) государственного
учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области"

      31. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      32. При ликвидации государственного учреждения "Управление по делам религий Павлодарской области" имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в областной коммунальной собственности.

Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения
"Управление по делам религий Павлодарской области"

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными постановлением акимата Павлодарской области от 26.11.2015 № 326/11 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      "Товарищество с ограниченной ответственностью "Центр анализа и развития межконфессиональных отношений".