"Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 261/6 қаулысы. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 166/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14.06.2022 № 166/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 334/10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4135 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашада "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған);

      Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 334/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 326/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4846 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды;

      осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М Бегентаевке жүктелсін.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады