Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 334/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 326/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 4846 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 261/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 23.08.2016 № 261/6 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 334/10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4135 болып тіркелді, 2014 жылғы 8 қарашада "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      20-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
      "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде "Павлодар облысы дін істері басқармасының "Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" сөздері "Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады