Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.11.2020 № 536/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 26.03.2019 № 365/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін:
атаулы күндерге:
1 қазан - Халықаралық қарт адамдар күні:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға), атап айтқанда:
ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін алатын азаматтар 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК);
80 және одан да жоғары жастағы зейнеткерлер 2,9 АЕК мөлшерінде;
қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні:
18 жасқа дейінгі мүгедек – балалар, 1, 2 топтағы мүгедектер, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедек - әйелдер (ерлер) 2,3 АЕК мөлшерінде;
Мерекелік күндерге:
9 мамыр - Жеңіс Күні;
Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) мүгедектері мен қатысушылары 500 000 (бес жүз мың) теңге, сондай-ақ азық–түлік жинағына 5 АЕК мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгiсiмен марапатталған азаматтар 10 АЕК мөлшерінде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа мәжбүрлеп ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары 10 АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылар, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары (біреуі) мен жесірлері 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың, сондай–ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары не тиісті кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына есептелетін қалаларда болған адамдар 10 АЕК мөлшерінде;
жеңiлдiктері мен кепiлдiктері бойынша ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа санаттары, атап айтқанда:
қайтадан некеге отырмаған әйелі (күйеуі) - 10 АЕК мөлшерінде;
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің қайтадан некеге отырмаған әйелі (күйеуі), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелі (күйеуі) 10 АЕК мөлшерінде;
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар 10 АЕК мөлшерінде;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушылар алатындардан шыққан көп балалы аналар 2,4 АЕК мөлшерінде.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 04.11.2014 N 335/45 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.02.2015 № 367/50 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2015 № 382/52 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.06.2016 № 39/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 250/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.03.2019 № 365/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.05.2019 № 383/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Мұқашев |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Желнов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысының әкімінің | |
Міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
2014 жылғы "18" сәуір |