Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 250/35 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 5986 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырда "Шаһар" газетінде және 2014 жылғы 8 мамырда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың он бірінші абзацтағы "5000 теңге сомасына" деген сөздер мен сандар "5 АЕК мөлшерінде" деген сөздермен және санымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы Б. Смағұлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Ұ. Жазылбек
      2018 жылғы "16" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады