Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 259/35 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3778 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 536/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.11.2020 № 536/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 26.03.2019 № 365/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін:

      атаулы күндерге:

      1 қазан - Халықаралық қарт адамдар күні:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға), атап айтқанда:

      ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін алатын азаматтар 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК);

      80 және одан да жоғары жастағы зейнеткерлер 2,9 АЕК мөлшерінде;

      қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні:

      18 жасқа дейінгі мүгедек – балалар, 1, 2 топтағы мүгедектер, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедек - әйелдер (ерлер) 2,3 АЕК мөлшерінде;

      Мерекелік күндерге:

      9 мамыр - Жеңіс Күні;

      Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) мүгедектері мен қатысушылары 500 000 (бес жүз мың) теңге, сондай-ақ азық–түлік жинағына 5 АЕК мөлшерінде;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:

      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгiсiмен марапатталған азаматтар 10 АЕК мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа мәжбүрлеп ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары 10 АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылар, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары (біреуі) мен жесірлері 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың, сондай–ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары не тиісті кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына есептелетін қалаларда болған адамдар 10 АЕК мөлшерінде;

      жеңiлдiктері мен кепiлдiктері бойынша ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа санаттары, атап айтқанда:

      қайтадан некеге отырмаған әйелі (күйеуі) - 10 АЕК мөлшерінде;

      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің қайтадан некеге отырмаған әйелі (күйеуі), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелі (күйеуі) 10 АЕК мөлшерінде;

      ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар 10 АЕК мөлшерінде;

      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушылар алатындардан шыққан көп балалы аналар 2,4 АЕК мөлшерінде.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 04.11.2014 N 335/45 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.02.2015 № 367/50 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2015 № 382/52 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.06.2016 № 39/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 250/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.03.2019 № 365/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.05.2019 № 383/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Мұқашев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысының әкімінің
      Міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2014 жылғы "18" сәуір

Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням

Решение маслихата города Павлодара Павлодарской области от 30 апреля 2014 года № 259/35. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 30 апреля 2014 года № 3778. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 3 ноября 2020 года № 536/71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 03.11.2020 № 536/71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 10 Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения маслихата города Павлодара Павлодарской области от 26.03.2019 № 365/50 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Установить следующие размеры социальной помощи для отдельно взятой категории получателей:

      к памятным датам:

      1 октября – Международный день пожилых людей:

      гражданам (лицам), достигшим пенсионного возраста, получающим минимальный размер пенсии и (или) пособия или ниже минимального размера пенсии и (или) пособия, а именно:

      граждане, получающие минимальный размер пенсии и пособия в размере 1,2 месячных расчетных показателей (далее - МРП);

      пенсионеры в возрасте от 80 и более лет в размере 2,9 МРП;

      2 воскресенье октября - День инвалидов Республики Казахстан:

      дети-инвалиды до 18 лет, инвалиды 1, 2 группы, женщины (мужчины) – инвалиды с несовершеннолетними детьми в размере 2,3 МРП;

      к праздничным дням:

      9 мая - День Победы:

      участники и инвалиды Великой Отечественной войны (далее – ВОВ) в размере 500 000 (пятьсот тысяч) тенге, а также на продуктовый набор в размере 5 МРП;

      лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам ВОВ, а именно:

      граждане, работавшие в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Жителю блокадного Ленинграда" в размере 10 МРП;

      бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны в размере 10 МРП;

      участники боевых действий в Афганистане, родители (одному) и вдовы воинов, погибших в Афганистане в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции (далее – ЧАЭС) в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР), занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период ВОВ, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии в размере 10 МРП;

      другие категории лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам ВОВ, а именно:

      супруга, (супруг), не вступившие в повторный брак в размере 10 МРП;

      жены (мужья) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также жены (мужья) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак в размере 10 МРП;

      лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы ВОВ в размере 10 МРП;

      8 марта - Международный женский день:

      многодетные матери из числа получателей государственной адресной социальной помощи или государственных пособий семьям, имеющим детей, в размере 2,4 МРП.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решениями маслихата города Павлодара Павлодарской области от 04.11.2014 N 335/45 (вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 20.02.2015 № 367/50 (вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 09.04.2015 № 382/52 (вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 01.06.2016 № 39/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 16.05.2018 № 250/35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 26.03.2019 № 365/50 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 30.05.2019 № 383/52 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по социальной политике.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии О. Мукашев
      Секретарь городского маслихата М. Желнов
      "СОГЛАСОВАНО"
      Исполняющий обязанности акима
      Павлодарской области Д. Турганов
      "18" апреля 2014 года