Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 наурыздағы № 365/50 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 наурызда № 6278 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 536/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.11.2020 № 536/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда "Звезда Прииртышья" газетінде, 2014 жылғы 9 мамырда "Шаһар" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1-тармақтың он бесінші абзацтағы "10 АЕК" деген сандар мен сөздер "50000 (елу мың) теңге" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Кнутас
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Мұқашева
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      2019 жылғы "26" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады