Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.05.2019 № 314/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін, атап айтқанда:
9-мамыр - Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 150000 (жүз елу мың) теңге (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде, сонымен қатар 5000 (бес мың) теңге сомаға азық-түлік жиынтығы;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 10 АЕК мөлшерінде;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 10 АЕК мөлшерінде;
басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы (бұдан әрі – КСРО) Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде) 10 АЕК мөлшерінде;
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 10 АЕК мөлшерінде;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСРО қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 10 АЕК мөлшерінде;
Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлерге 10 АЕК мөлшерінде;
ЧАЭС-iндегi апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына 10 АЕК мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасына 10 АЕК мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасына; қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне); Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай: зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға), атап айтқанда:
мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған адамдарға 1,2 АЕК мөлшерінде;
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын адамдарға 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
80 жасқа толған және одан асқан адамдарға 2,9 АЕК мөлшерінде;
қазанның 2 жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:
мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған ең төмен мөлшерде жәрдемақы алатын мүгедектер;
18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға 2,3 АЕК мөлшерінде;
1, 2-топтағы мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде;
кәмелетке толмаған балалары бар 3-топтағы мүгедек әйелдерге 2,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мереке күндерге орай:
8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар алушылардың санынан көп балалы аналарға 2,4 АЕК мөлшерінде.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 29.10.2014 № 281/39 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2015 № 309/43 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.09.2016 № 55/7 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты коммисиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Иманғалиева |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы | |
әкімінің міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
"18" сәуір 2014 жыл |