Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 04.03.2021 № 11/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмек келесі мөлшерлерде белгіленсін, атап айтқанда:
9 мамыр - Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының (одан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (одан әрі – АЕК) сомасына азық-түлік жиынтығы;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған гетто, концлагерлердiң, және басқа да ерiксiз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының әскери қызметшілеріне - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы (әрі қарай - АЭС) апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:
қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты немесе басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған екінші рет некелеспеген әйелдеріне (күйеулері) - 10 АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай - КСРО) ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға - 10 АЕК мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға - 5 АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай:
зейнеткерлік жастағы ең төменгі мөлшерде зейнетақы және жәрдемақы алатын тұлғаларға, атап айтқанда:
ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын азаматтарға 1,2 АЕК мөлшерінде;
80 жастағы және одан асқан азаматтарға - 2,9 АЕК мөлшерінде;
қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:
мүгедектерге, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 2,3 АЕК мөлшерінде;
1, 2 топтағы мүгедектерге - 2,3 АЕК мөлшерінде;
кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедектерге - 2,3 АЕК мөлшерінде;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарындағы көпбалалы аналарға - 2,4 АЕК мөлшерінде.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.10.2014 N 159/37 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2015 N 170/40 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.09.2019 № 263/55 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2 Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Уақбаева |
Мәслихат хатшысы | Т. Мұқанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы 2014 жыл "18" сәуір |
Д. Тұрғанов |