Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 04.03.2021 № 11/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы"№ 116/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда "Ауыл тыныс", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1- тармағында:
үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысының (одан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (одан әрі – АЕК) сомасына азық-түлік жиынтығы;";
алтыншы абзац келесі редакцияда жазылсын:
"Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының әскери қызметшілеріне - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;";
жетінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы (әрі қарай - АЭС) апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Дисенова |
Мәслихат хатшысы | Ж. Ташенев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысының әкімі | |
________________ Б. Бақауов | |
2019 жылғы " 2 " қазан |