Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы" № 116/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 170/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 4355 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы" № 116/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
      үшінші абзацтағы "69 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)," деген сөздер мен сандар "150000 (жүз елу мың) теңге" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "1,8 АЕК" деген сөздер мен сандар "10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "14" саны "10" санымен ауыстырылсын;
      жетінші абзацтағы "3,5" саны "10" санымен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацтағы "1,8" саны "10" санымен ауыстырылсын;
      оныншы абзацтағы "1,8" саны "10" санымен ауыстырылсын;
      он бірінші абзацтағы "1,8" саны "5" санымен ауыстырылсын.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы К. Саржанов
      Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады