1. Лебяжі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 05 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3736 тіркелген, 2014 жылғы 29 наурыздағы ауданның "Аққу үні" газетінің № 12, 2014 жылғы 29 наурыздағы ауданның "Вести Акку" газетінің № 12 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
6–тармағының 4) тармақшасындағы "Халықаралық мүгедектер күні." деген сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні." деген сөздерімен ауыстырылсын;
9–тармағының 1) тармақшасындағы алтыншы абзацындағы "Халықаралық мүгедектер күніне орай:" деген сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:" деген сөздерімен ауыстырылсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Жиеналин |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Әлтаев |