Лебяжі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 05 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1/36 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қыркүйекте № 4036 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес, Лебяжі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 05 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3736 тіркелген, 2014 жылғы 29 наурыздағы ауданның "Аққу үні" газетінің № 12, 2014 жылғы 29 наурыздағы ауданның "Вести Акку" газетінің № 12 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      6–тармағының 4) тармақшасындағы "Халықаралық мүгедектер күні." деген сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні." деген сөздерімен ауыстырылсын;
      9–тармағының 1) тармақшасындағы алтыншы абзацындағы "Халықаралық мүгедектер күніне орай:" деген сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Қ. Жиеналин
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады