Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 сәуірінде № 3748 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 14 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
6-тармақтың 3) тармақшасындағы "Халықаралық қарттар күні" деген сөздер "Халықаралық қарттар күні" деген сөздермен алмастырылсын;
6-тармақтың 4) тармақшасындағы "Халықаралық мүгедектер күні" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні" деген сөздермен алмастырылсын;
9-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы "Халықаралық қарттар күніне" деген сөздер "Халықаралық қарттар күніне" деген сөздермен алмастырылсын;
9-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы "Халықаралық мүгедектер күніне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне" деген сөздермен алмастырылсын;
9-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацында "осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацында (тек қана 1, 2 топтағы мүгедектер) көрсетілген санаттарға" деген сөздерден кейін "2014 жылға біржолғы әлеуметтік көмек" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 2) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"осы Қағиданың 8-тармақтың 2), 3), 4), 5), 7) (тек қана 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 1 топтағы мүгедектер) тармақшаларында көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткішке дейін (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);";
10-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында "осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасындағы екінші (тек қана 3 топтағы мүгедектер) абзацында көрсетілген санаттарға" деген сөздерден кейін "2014 жылға біржолғы әлеуметтік көмек" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацында "осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттарға" деген сөздерден кейін "2014 жылға біржолғы әлеуметтік көмек" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткішке дейін (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі депутаттық тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Жетыбаева |
Аудандық мәслихат | Ғ. Арынов |