Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 сәуірде № 3748 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" N 504 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі депутаттық тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Н. Жұмабекова
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 1/30 шешімімен
бекітілген

Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 08.04.2019 № 3/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Май ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшер бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Май аудандық бөлімі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.     

      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазакстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, токсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі;

      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      2) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      3) 1 казан – Халықаралық қарттар күні;

      4) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының жергілікті атқарушы орган бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек Май ауданының аумағында тұрақты тұратын келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне:

      2) жеңілдектер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

      Ауғанстандағы ұрыс кимылдарына қатысқан Совет Армиясының әскери қызметшілеріне;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;

      1) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:

      Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына;

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға, атап айтқанда:

      қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты және басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған қайтыс болған ҰОС қатысушыларының екінші рет некелеспеген әйелдеріне (күйеулеріне);

      ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай – КСРО) ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғаларға;

      5) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған тұлғаларға;

      6) ең төмен мөлшердегі зейнетақы немесе жәрдемақы алатын зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға, атап айтқанда:

      жалғыз басты және жалғыз тұратын тұлғаларға;

      80 жасқа толған және одан да асқан тұлғаларға;

      7) мүгедектерге, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      1 топтағы мүгедектерге;

      2 топтағы мүгедектерге;

      кәмелеттік жасқа толмаған баласы (балалары) бар мүгедектерге;

      арбаға таңылған мүгедектерге;

      8) отбасының бір мүшесіне шаққанда табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын, жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттеріне және ата – ана қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға;

      9) аз қамтамасыз етілген азаматтарға, атап айтқанда:

      уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған, табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын жұмыссыз азаматтарға;

      бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғаларға және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға;

      өмірлік қиын жағдайға, атап айтқанда өрт немесе табиғи апатқа ұшыраған азаматтарға;

      өмірлік қиын жағдайға, атап айтқанда ұзақ (1 айдан аса) ауруға ұшыраған азаматтарға;

      отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын 12 аптаға дейін медициналық мекемеге жүктілігіне байланысты дер кезінде есепке тұру үшін жүгінген жүкті әйелдерге;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы аналарға;

      отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын отбасыларға;

      отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын, кәмілеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп бірге тұратын балалары бар отбасыларына;

      10) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауратын азаматтарға, атап айтқанда:

      онкология ауруларынан зардап шегуші тұлғаларға;

      туберкулездің әртүрлі формаларынан зардап шегуші тұлғаларға;

      адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегуші тұлғаларға.

      9. Уәкілетті орган кірісін есептеусіз әлеуметтік көмек көрсетеді:

      1) атаулы және мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек:

      Жеңіс күніне орай осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;

      Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттарға уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Халықаралық қарттар күніне орай осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға мерзімді басылымдарға жазылу үшін 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде – жеке өтініші негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне пандус орнату үшін нақты құны мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мүгедектік мәртебесін растайтын құжат негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мүгедектік мәртебесін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде – "Май ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізім мен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лизензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, бас бостандығынан айыру орнынан босағаны туралы анықтама негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 60 (алпыс) АЕК дейін оқиға болған күнінен бастап үш айдың ішінде – жеке өтініші негізінде (арнайы комиссия шешімі бойынша);

      осы Қағидалардың 8-тармағының 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 (он) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, онкологиялық ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 7 (жеті) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, туберкулез ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 7 (жеті) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3) тармақшаларында, 7) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға тұрғын үй-жайға жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 100 (жүз) АЕК дейін (өтініш берушіге әлеуметтік көмек үш жылдың ішінде бір рет беріледі) – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші негізінде (арнайы комиссия шешімі бойынша);

      осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, мүгедектігін растайтын анықтама негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметін өтеу үшін 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, мәртебесін растайтын құжат негізінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға тұрғын үй-коммуналдық қызметін өтеу үшін 3,6 (үш бүтін оннан алты) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, мәртебесін растайтын құжат негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға денсаулығын жақсарту үшін 2 (екі) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, мәртебесін растайтын құжат негізінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға дәрі-дәрмек алу үшін 1 (бір) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, мәртебесін растайтын құжат негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын үй-коммуналдық қызметін өтеу үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, мәртебесін растайтын құжат негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға амбулаториялық емделу кезінде тамақтануға және жүріп-тұруына 12 (он екі) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, амбулаториялық емделуден өту туралы медициналық анықтама негізінде;

      жүріп-тұру шығындарын өтеу:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға Павлодар облыстық онкология диспансеріне дейін және тұрақты жеріне дейін жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, емделуден, тексеруден өткені немесе кеңес алғаны туралы онколог-дәрігер берген анықтама, жүріп-тұрғанын растайтын құжаттар негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға ата - аналарының біріне немесе қамқоршысына белгіленген пунктке дейінгі және тұрақты жеріне кері қайтқандағы жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, мүгедектік мәртебесін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, емделуден, тексеруден өткені немесе кеңес алғаны туралы анықтама, жүріп-тұрғанын растайтын құжаттар негізінде.

      10. Уәкілетті орган кірісін ескере отырып әлеуметтік көмек көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде жерлеу рәсімдері үшін – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар негізінде (арнайы комиссия шешімі бойынша);

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын санаттарға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, медициналық мекеменің анықтамасы негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттарға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, жүктілікке байланысты есепке тұрғаны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттарға, алты айдан аса мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына жеке шаруашылығын дамыту үшін 100 (жүз) АЕК дейін – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, сатып алу-сату шарты, малдың ветеринарлық паспорты негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санаттарға қатты отын алу үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар негізінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санаттарға тұрғын үй-жайды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 60 (алпыс) АЕК дейін –екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар негізінде (арнайы комиссия шешімі бойынша);

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға жоғары оқу орнындағы оқуға төлеуге нақты оқу төлем ақысы мөлшерінде (жартыжылда бір рет төленеді) және оқу кезінде мекендеу, тамақтану және тұрғылықты жерге жүріп-тұруға 10 (он) АЕК мөлшерінде – осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен, білім беру қызметін көрсету үшін үш жақты шартпен қоса жеке өтініші негізінде;

      Павлодар облысының тыс жерінде оқитын осы Қағидалардың 8-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға – 5 (бес) АЕК мөлшерінде тұруына қосымша әлеуметтік көмек;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген санаттарға мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар үшін ата-аналық өтемақыға 3 (үш) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге, мектепке дейінгі ұйымның анықтамасы негізінде.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішті және оған қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидалармен бекітілген нысан бойынша адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жолдайды.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3-қосымшаларындағы нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жолдайды.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жолдайды.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысты есептейді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен асқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Май ауданының аумағы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады