Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 7256 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 30.11.2023 № 2/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Тусупбекова
      Май аудандық маслихатының хатшысы Г. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ 2/3 шешімімен
бекітілді

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 25.04.2023 № 1/2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Май ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      2) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

      3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      6) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына ардагерлеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлер;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      3) еңбек ардагерлері:

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері; "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      4) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);

      1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      5) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;

      6) мүгедектігі бар тұлғалар, атап айтқанда:

      мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балалар;

      1 топ мүгедектігі бар тұлғалар;

      2 топ мүгедектігі бар тұлғалар;

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      мүгедектігі бар спортшылар;

      кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамның абилитациясы мен оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдардың ішінен студенттер;

      7) жоғары оқу орындарында оқу үшін, арнайы комиссия шешімі бойынша әлеуметтік көмек алған студенттер;

      8) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын барлық топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, көп балалы отбасылар (атаулы әлеуметтік көмек алатындар қатарынан), өтініш берген кезде жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылар;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар. Әлеуметтік көмекке өтініш жазау мерзімі – өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап үш ай ішінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);

      10) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      онкологиялық аурулардан зардап шегетін тұлғалар;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балалар;

      туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      "1 типті қант диабеті" ауруынан зардап шегетін тұлғалар.

      7. Уәкілетті орган табысты есепке алмай көрсетеді:

      1) мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      Халықаралық әйелдер күніне орай 6-тармақ 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай 6-тармақ 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Отан қорғаушы күніне орай 6-тармақ 1) тармақшасының жетінші сегізінші абзацтарында, 4) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Жеңіс күніне орай 6-тармақ 2) тармақшасында, 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, төғызыншы абзацтарында, 3) тармақшасының төртінші абзацында, 4) тармақшасының екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай 6-тармақ 6) тармақшасының бесінші, жетінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 6-тармақ 5) тармақшасының бірінші, екінші абзацында, 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) бір жолғы әлеуметтік көмек:

      6-тармақ 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін санаторлық-курортық сауықтыруға жолдама, фискалдық чекті қоса бере отырып, фактура шоты, Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      6-тармақ 2) тармақшасының төртінші абзацындағы, 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-жайын жөндеуге және абаттандыруға тұрғын үйге (пәтерге) меншік құқығын растайтын құжат Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

      Портал арқылы санаторий-курортық емделуге жолдаманы тандаған 6-тармақ 6) тармақшасының үшінші абзацындағы көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде еріп жүретін адамның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;

      мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаларды санаторлық-курортық емделуге ертіп жүруге Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      6-тармақ 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін республикалық, халықаралық, облыстық жарыстарға дайындалуға уәкілетті органның тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      6-тармақ 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде, қиын өмірлік жағдайлар басталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей көрсету мерзімінде;

      6-тармақ 8) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      6-тармақ 10) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін ауруды растайтын медициналық анықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      6-тармағы 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде қатты отын сатып алуға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      6-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші, төртінші абзацтарында, 4) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін (сауықтыруға) Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      6-тармақ 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін аудандық аурухананың тізімі негізінде гемодиализ процедурасын алатындарға 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      6-тармақ 6) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар тұлғаларға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      6-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне баруға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      6-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін ауруды растайтын медициналық анықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағы 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде;

      6-тармағы 10) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін аудандық аурухананың тізімі негізінде амбулаторлық емделу кезінде15 (он бес) АЕК мөлшерінде.

      8. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      6-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқудың ңақты құны мөлшерінде Үлгілік қағидаларының 13-тармағы1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге берілген өтініш негізінде.

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін Павлодар облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Май ауданы бойынша түпкілікті әлеуметтік көмек мөлшері, қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларға 100 (жүз) АЕК.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-25 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      12. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) Май ауданының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      13. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Май аудандық мәслихатының
2021 жылғы 16 сәурдегі
№ 2/3 шешіміне
қосымша

Май аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 1/30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 17/40 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4131 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" № 17/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4239 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 3/49 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4571 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 6/56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4898 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 маусымдағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 1/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 5/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5170 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Май аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 1/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 1/28 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5920 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Май аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 1/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 3/46 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6301 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады