Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 10.03.2021 № 2/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Май аудандық мәслихатының (V сайланған ХХХІV сессиясы) 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 9/34 "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3783 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2014 жылғы 1 мамырдағы № 16 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың он төртінші абзацындағы "Халықаралық қарттар күніне орай" деген сөздер "Халықаралық қарттар күніне орай" деген сөздермен алмастырылсын;
1-тармақтың он сегізінші абзацындағы "Халықаралық мүгедектер күніне орай" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай" деген сөздермен алмастырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Ботабай |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |