Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 2/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 7226 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымшаға сәйкес Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Тусупбекова
      Май аудандық маслихатының хатшысы Г. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
2021 жылғы 10 наурыздағы
№ 2/2 шешіміне
қосымша

Май аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 9/34 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3783 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырда аудандық "Шамшырақ" газетінде жарияланған).

      2. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қарашадағы "Май аудандық мәслихатының (V сайланған XXXIV сессиясы) 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 9/34 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 2/42 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4165 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қарашада аудандық "Шамшырақ" газетінде жарияланған).

      3. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы "Май аудандық мәслихатының (V сайланған XXXIV сессиясы) 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 9/34 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 1/46 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4378 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Май аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 қыркүйектегі "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 9/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 2/52 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6570 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады