Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 9/34 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3783 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 2/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 10.03.2021 № 2/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алушылардың жекелеген санаттарына атаулы күндерге және мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері белгіленсін, атап айтқанда:

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы аналарға – 2,4 (екі бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

      9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне – 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сонымен қоса 5 (бес) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;

      жеңілдектер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы ұрыс кимылдарына қатысқан Совет Армиясының әскери қызметшілеріне – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға, атап айтқанда:

      қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты және басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған қайтыс болған ҰОС қатысушыларының өзге некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай – КСРО) ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғаларға – 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған тұлғаларға – 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      1 казан – Халықаралық қарттар күніне орай:

      ең төмен мөлшердегі зейнетақы немесе жәрдемақы алатын зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға, атап айтқанда:

      жалғыз басты және жалғыз тұратын тұлғаларға – 1,2 (бір бүтін оннан екі) АЕК мөлшерінде;

      80 жасқа толған және одан да асқан тұлғаларға – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;

      қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:

      мүгедектерге, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;

      бірінші топтағы мүгедектерге – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;

      екінші топтағы мүгедектерге – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 05.09.2019 № 2/52 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі шешімімен.

      2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Байғалиев
      Май аудандық мәслихатының
хатшысы
Ғ. Арынов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысы
әкімінің міндеттін атқарушы
2014 жылғы "18" сәуір
Д. Тұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады